понедельник, 28 сентября 2015 г.

«Абай тілі-менің тілім» атты мәнерлеп оқу сайысы

14.09.2015 жылы сағат 15.00-де С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық  үлгілі кітапханасында 22 қыркүйек Қазақстан Республикасының  халықтары  тілдер күні мерекесі және  Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдық  мерейтойына  арналған «Абай тілі-менің тілім» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Мәнерлеп оқу сайысының мақсаты: мемлекеттік тілді қолдау аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне,тілі мен әдебиетіне деген қазақстандық рухани бірлікті  қуаттау, отансүйгіштік  сезімді арттыру.
Сайыс — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының  қысқаша  өмірбаян мәліметімен басталып, Абай өмірбаянынан бейнероллик көрсетілді.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Түсіпов Амангелді Бақышұлы құттықтау сөз айтып, сайыскерлерге сәттілік тіледі.
Сайысымыздың әділқазылар алқасы:
1.Аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қанапин Марғұлан
2.Жаңаарқа ауданық Мәдениет үйінің шығармашылық бөлімінің меңгерушісі,халық әнін орындаушы, ҚР Мәдениет  қайраткері Сыздықов Жалын
3.Аудандық «Жаңаарқа» газетінің тілшісі Ахметова Гүлнар
Мәнерлеп оқу сайысына аудандық орта мектеп оқушылары мен ауылдық округтік мектеп оқушылары қатысты. Сайыс ережесімен таныс болған сайыскерлер реттік нөмір арқылы сайысқа қатысты. Сайыскерлер әділқазы алқаларына тіркеліп сайысты  бірінші кезеңнен бастады. Сайысқа 12 нөмірлі оқушы қатысты.
Сайысқа қатысушылар тізімі:
Қатысушының аты-жөні
Мектебі
Сыныбы
1.
Дулатова Баршын
О.Жұмабеков
9 в
2.
Әзина Шынаргүл
Б.Амалбеков
9 б
3.
Пазыл Мәди
Б.Амалбеков
9 б
4.
Шойынбай Айдана
Ю.А.Гагарин
9
5.
Абилдина Үміт
С.Сейфуллин
9 а
6.
Шырынбеков Нұрлыжан
С.Сейфуллин
5 а
7.
Сембек Арайлым
№132 орта мектеп
6 а
8.
Жылқыбаева Әлима
№132 орта мектеп
10 ә
9.
Мұхтарова Гүлнұр
№132 орта мектеп
10 ә
10.
Көшкінбаева Әлия
Жаңаарқа негізгі мектеп
9
11.
Хамзе Асқар
Жаңаарқа негізгі мектеп
9
12.
Ғалымов Нұрбек
Ескене ауылы
5
Кітапханашы Көппаева Гүлайхан «Абай-қазақ әдебиетінің темірқазығы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Сайыс кезеңдері 4 бөлімнен тұрды:
1-кезең. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу.
2-кезең.Абай қара сөздерін мәнерлеп оқу.
3-кезең.Абай поэмаларынан (үзіндіні  немесе толық)  мәнерлеп оқу.
4-кезең.Аудармаларын мәнерлеп  оқу.
Сайыс кезеңдері арасында сайысқа қатысушыларымызға келесі кезеңдерге дайындалуға мүмкіндік беріліп,музыкалық үзіліс болды.Абай әндерін Сыздықов Жалын орындады.
Мәнерлеп оқу сайысы соңында  кітапхана қызметкері Шайхина Сарқыт Сатанқызы сөз сөйлеп, қатысқан мектеп ұжымына алғысын білдіріп. «Әлемге танылған Абай Құнанбайұлының ізін жалғар болашақ жас жеткіншектер көбейе берсін» деп ізгі тілегін білдірсе, Б.Амалбеков атындағы орта мектеп кітапханашысы Б.Ж.Рысмағанбетова академик З.Ахметовтың пікірімен сөз бастады: «Абай поэзиясына берілген әділ баға. Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп  өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасынан орын алады. Болашақ  әр ұрпақ Абай сөзін санасына сіңіріп өссе ол қазақтың рухани байығаны. Барлық оқушы Абайды оқыса, болашаққа нық сеніммен қадам басады» деп сөзін аятады.
Сайыс соңы  ынталандыру сыйлықтарын әділқазы мүшесі  Мәдениет үйінің шығармашылық бөлімінің меңгерушісі, ҚР мәдениет қайраткері   Сыздықов Жалын қорытынды сөз сөйлеп, ынталандыруға ие болған оқушылар марапаттап, сыйлықтар табыс етті.